«ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ» ҰҒЫМЫ ЖАҢА МАЗМҰНМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Елбасы жариялаған халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар халықаралық сарапшылар тарапынан оң бағаға ие болды.
«Бағдарламаны іске асыру «әлеу­меттік мемлекет» туралы конс­титуциялық норманы жаңа маз­мұнмен толықтырады» деп атап көрсетті Өңірлік проблемалар инсти­тутының бас директоры Дмит­рий Журавлев.
«Мұның бәрі адамдарды жаңа экономикадағы лайықты қыз­меткерлерге айналдыратындай өмір сүру мен білім алудың жоғары деңгейін қалыптастыруы тиіс. Менің ойымша, Қазақстан кемінде өмір сүру деңгейі біздей елдер үшін көшбасшыға айналады. Ел Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары теңдессіз – әсіресе әлемнің басқа елдерінің қатарында. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламаны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толықтыратынын кездейсоқ айтқан жоқ», – деді ол.
«Материалдық пайда маңызды рөлге ие, алайда әлеуметтік бір­лік­тің өмірлік маңызы зор. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайын жақсарту қажет екенін жақсы түсінеді, бұл сондай-ақ Қазақстанның экономикалық өсі­міне септігін тигізеді. Осылайша, ол тұрғын үй, жоғары білім беру, жалақыны көтеру және мұқтаж жандардың өмір сүру жағдайын жақсарту сияқты халықтың негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға баса назар аударады. Елді жалпы жаңғыртумен қатар, Президент дамудың барлық бағыттарын қамтуға тырысатыны айқын.
«Бұл аз қорғалған санаттарға қамқорлық көрсету арқылы тең мүмкіндіктер ұсынудың айқын мысалы.  Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады, себебі халық елдің әрі қарайғы дамуында біртұтас болмақ», – деп жазды Сингапур баспасөз клубының Құрметті хатшысы Сантош Кумар.
Президент Н.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына арнаған үндеуін жаңа әлеуметтік бастамаларды белсенді түрде таратып отыратын әлемдік БАҚ-тар да назардан тыс қалдырмады.  
Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев еліміздің сол­түстік аймақтарын газбен қам­тамасыз ететін газ құбырын салу жөнінде бастама білдірді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Қазақстанда тұрғын үй алуға берілетін ипотека мөлшерлемесі екі есеге төмендетіледі. Қазақ­стан Президенті Парламент пен Үкіметтің бірлескен отыры­сында сөйлеген сөзінде ипо­тека­лық несиелендірудің жаңа бағдар­ламасын және өзге де ауқымды әлеуметтік реформаларды іске асыруды ұсынды», – деп хабарлайды «МИР 24»  тілшісі Назар Ахмаров.
Сондай-ақ, ұсынылған бастамалар салықтарды қысқарту, білім беру сапасын жақсарту, бизнеске жеңілдікті шағын несиелер беруге және газдандыруға қатысты.
«Президент салықты төмендету туралы мәлім етті: ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын салық жүктемесі 10%-тен 1%-ке төмен­детіледі. Мемлекет басшысы реформалар нәтижесінде алынған қаржыны жалақыны көбейтуге жұмсауды ұсынды. Осы реформаларды жүзеге асырған соң, Қазақстанның кем дегенде 2 млн азаматы бүгінгі күнге қарағанда көбірек жалақы алатын болады», – деп жазылған басылымда.
Lenta.ru былай деп жазады:
Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев 2019 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап салықты төмендетуге уәде берді. Төмен жалақы алатын екі миллион азамат үшін алым 10 есеге азаяды.
«Жалақысы төмен жұмыс­шы­лардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін он есеге азайтып, 1% ғана салық салуды ұсынамын», – деді Президент Парламент отырысында.
Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға енгізіледі (Ресейдің ең төменгі жалақы мөлшерінің аналогы). Салықты азайту нәтижесінде қазақ­стандықтардың жалақысы өседі.
«Салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбей­туге жұмсалуы қажет. Нәти­жесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл екі миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады», – деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Президент әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрес­сивті шкаласын енгізу мүм­кіндігін зерделеуі керек екенін атап өтті.

Әзірлеген
Ж.ӘЛМАХАН.
Экономика 17 сәуір 2018 г. 743 0