ТӨРТІНШІ МҰНАЙ ЗАУЫТЫ САЛЫНБАҚ

Қазақстандағы 4-ші мұнай зауытының құрылысына қатысты нақты шешім 2018 жылдың екінші жартысында қабылданады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты. Мұнайдың әлемдік бағасы өсе түсті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4-ші мұнай өңдеу  зауытының құрылысына қатысты мәселе пысықталып жатыр. Жүргізілген сараптама тұтынудың болжамды өсімін ескергенде автомобиль бензиніне тапшылық 2021-2023 жылдар аралығында, дизель отынына 2023 жылы және авиакеросинге 2026 жылдан кейін қалыптасатындығын көрсетіп отыр», – деді министр. Оның айтуынша, Энергетика министрлігінің басшылығы мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биылғы жылдың екінші жартыжылдығында 4-ші мұнай өңдеу зауытының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейтін болады. Екінші жартыжылдықта құрылыстың  жүргізілу мүмкіндігі, орналасатын орны және зауыттың қуаты туралы нақты шешім қабылданады.

Жаңа мұнай зауыты бұрын еліміздің батысында, Қашаған кенішіне жақын салынады деген болжамдар айтылған болатын.

Экономика 27 ақпан 2018 г. 762 0