ИНДУСТРИЯНЫҢ ИГІЛІГІ ОРТАҚ

Шиелі ауданына ақпараттық-наси­хаттық топты бастап келген  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров аудан әкімдігінде тұрғындармен кез­десіп, Елбасы Жолдауының негізгі мін­деттері туралы әңгіме өрбітті. 

Комитет төрағасы бұл күндері әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қар­қынды өзгерістер кезеңіне қадам басқандығын айтып өтті. Сондықтан да біздің алдымызда жаңа технологияны жатырқамай қа­былдап, жастарымызды осы талапқа сай тәр­биелеу міндеті тұр.

Жиын барысында «Иіркөл» кеніші филиалы­ның директоры Мұқанбетжан Салқынбаев, амбу­­латориялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Яхия Шорабаев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАҚ-ға қарасты 6 кен басқармасы директорының орынбасары Алмасбек Серікбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов Елбасы Жолдауында баяндалған міндеттерді талқылау мақсатында өз ойларын ортаға салды.

Жиыннан соң ақпараттық-насихаттық топ өндірістік аймақпен танысып, осындағы «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС тампонажды цемент шығаратын зауыты құрылысының жұмысына мән берді. Сонан соң кеніш жұмыс­тарына қажетті полиэтиленді құбыр шығаратын «Нефтехимиялық Кемикал компаниясы» ЖШС филиалының өндіріс алаңын аралады. 

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Шиелі ауданы.

Экономика 26 ақпан 2018 г. 749 0