ШИКІЗАТҚА ТӘУЕЛСІЗ ЭКОНОМИКА

Соңғы жылдарда мұнай мен уран көлемінің кемуі аймақ экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік берді. Мұнай өндірісін есептемегенде былтыр басқа макрокөрсеткіштердің барлығында оң динамика байқалды.

«Бір сөзбен айтқанда, бес жылда атқарған жұмыс нәтижесінде мұнай мен уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп толығымен айта аламыз. Бұл – өте маңызды жетістік», – деп атап өтті облыс әкімі халық алдында есеп беру жиынында.

Осы уақыт ішінде аймақта 50-ден астам өнеркәсіп нысаны іске қосылды. Нәтижесінде өңдеуші секторда бес жылда өндірілген өнім көлемі 65%-ке, ал шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60%-ке жоғарылады.

Экономика 20 ақпан 2018 г. 1 252 0