« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп қосылуына мүмкіндік беретін бағыттарға басымдық берумен ерекшеленіп отыр.
10 басым бағыттан тұратын Жолдауда мемлекетіміздің алдында жаңа технологияны енгізу арқылы қазақстандық индустрияны, ақпараттық-технологияны, ауылшаруашылық саласын, транспорт және көлік логистикасын, тұрғын-үй, құрылыс саласын, қаржы секторы мен банк жүйесін, адам капиталын дамыту, тиімді мемлекеттік басқару, цифрлы технологияны енгізу, заңның үстемділігі мен сыбайластық жемқорлықпен күресу, «Смарт сити» технологиясын енгізу арқылы дамушы қалалардың проблемалық мәселелерін шешу, инвесторлардың қызығушылығын арттыру сияқты ел дамуына ерекше серпін беретін маңызды міндеттер айтылды.
Жолдаудың 7 бағыты адам капиталын дамытуда білім беру жүйесінің барлық деңгейі ел экономикасының сұранысына нақты жауап беруі қажет екені баяндалды. Бұл үшін ұстаздардың қоғамдағы беделін арттыру қажет.
Осы мақсатта, бүгінгі таңдағы білім саласында қызмет атқаратын ұстаздар қауымының қоғамдағы орнын айқындап, беделін көтеру үшін нақты шаралар қабылданып жатқаны анық. Оның айқын дәлелі, 2015 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен олардың ата-аналары ұстаздар қауымының қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екені айтылған.
Сонымен бірге, саяси құжатта денсаулық саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы ауруларды емдеу, оның алдын алу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі де көтерілді.
Жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі әлеуметтік төлемдердің соңғы екі жылда 3 есе көтерілуі, денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 28, білім саласы бойынша – 29, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы 30 процентке көтерілген болатын. Бұл әлеуметтік қолдаулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мұғалімдердің еңбекақысы 30-50 процентке дейін көбейетін болады.
Бұл Жолдау бүгінгі таңда, облысымыздағы барлық білім беру ұйымдарында қызу талқыланып, ұстаздар қауымы тарапынан қолдау тауып жатыр. Сыр елі ұстаздар қауымының жаңа Жолдаудан күтетін жаңалықтар мен жетістіктері мол болғай.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |