Бизнесті қалай жүргізуге болады? Оның нәтижелері қандай? Әлемде осы көрсеткіштерді сараптан өткізіп, әрбір сала бойынша нәтижелерді қорытындылап отыратын тиісті халықаралық ұйымдар бар. Солардың бірі – Бүкіләлемдік банк. Осы банктің «Doing Business» рейтингі бойынша Қазақстан әлемде бизнес жүргізуге қолайлы ел ретінде дүниежүзіндегі 190 мемлекеттің ішінде 36-орынды иемденіп отыр. Бұл Елбасының «2050 стратегиясында» белгіленген міндет-межелер үдесі талаптарынан келгенде тәуір көрсеткіштер қатарына жатады.
Рейтинг қорытындысы 10-нан астам көрсеткіштердің жиынтығынан құралады. Қазақстанның жекелеген позициялар бойынша рейтингіде алған орындарын былайша түзеуге болады. Мысалы, Қазақстан «Миноритарлы инвестицияларды қорғау» көрсеткіші бойынша әлемдегі 190 елдің ішінде 1-орын, «Келісім шарттарды орындау» бойынша 6-орын, «Меншікті тіркеу» индикаторы» бойынша 17-орын алады.
Жоғарыдағы индикаторлар бойынша Қазақстан, Италия, Бельгия, Израиль, Түркия, Греция сияқты белді мемлекеттердің алдында жүр. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстан Беларусь республикасынан, Молдовадан, Армениядан, Қырғызстаннан едәуір жоғары орналасты. Сонымен бірге сарапшылар Қазақстанның «Төлем қабілеті» индикаторы бойынша рейтингте 39-орын, кәсіпорындарды тіркеу бойынша 41-орын, салықтандыру жүйесі бойынша 50-орын, құрылысқа рұқсат алу бойынша 52-орын, «Электр желілеріне қосу» индикаторы бойынша 70-орын, «Несие алу» индикаторы бойынша 77-орын, халықаралық сауда бойынша 123-орын алғанын атап көрсетеді.
Әлем елдері бойынша жалпы рейтинг көрсеткіштері былайша сипатталады.
№ Елдер
1 Жаңа Зеландия
2 Сингапур
3 Дания
4 Корей Республикасы
5 Сирия, Гонконг, Қытай
6 АҚШ
7 Ұлыбритания
8 Норвегия
9 Грузия
10 Швеция
11 Македония
12 Эстония
13 Финляндия
14 Австралия
15 Тайвань, Қытай
16 Литва
17 Ирландия
18 Канада
19 Латвия
20 Германия
21 БАӘ
22 Австрия
23 Исландия
24 Малайзия
25 Маврикий
26 Таиланд
27 Польша
28 Испания
29 Португалия
30 Чехия Республикасы
31 Франция
32 Нидерланды
33 Швейцария
34 Жапония
35 Ресей Федерациясы
36 Қазақстан
...183 Ауғанстан
184 Орталық Африка Республикасы
185 Ливия
186 Йемен Республикасы
187 Оңтүстік Судан
188 Венесуэлла, Боливариан Республикасы
189 Эритрея
190 Сомали
Жалпы рейтингте Қазақстан Мексикадан, сондай-ақ бірқатар Шығыс Еуропа елдерінен жоғары тұрғанын атап өткіміз келеді. Бұл Елбасы белгілеген міндет межелердің сәтті жүзеге асырылып жатқанының айғағы болып табылады.
Ж.ӘЛМАХАН.