Мұнайшылар спартакиадасы мәреге жетті

Мұнайшылар спартакиадасы  мәреге жетті«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ спорт кешенінде мұнай компаниялары арасында дәстүрлі спартакида өтті. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған спорттық шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Құмкөл» кенішінің игерілгеніне 30 жыл толу құрметіне арналды.
Бүгінгі күні ел аумағында 200-ден астам мұнай және газ кеніштері бар. Осынша кен орындары бар Қазақстан әлемдегі бірден-бір мұнай өндіруші ел.
Қызылорда облысы республиканың алдыңғы қатардағы үш мұнай өндіруші аймақтарының бірінен саналады. Оңтүстік Торғай иінінде бір¬неше мұнай кеніш орындарының ашылып, игерілуі ел экономикасының дамуына жаңаша серпін әкелгені анық. Облысымызда мұнай өн¬діріле бастағанына биыл 30 жыл толды. Демек, еліміздің экономикалық әлеуетінің артуында Сыр елі мұнайшыларының да үлесі зор. Мәр¬тебелі мамандық иелері еселі еңбекпен бірге түрлі спорттық жарыстарға да белсене қатысып келеді.  
Сыр мұнайшылары дәстүрден биыл да ай¬ны¬мады. Қызылордада спорттың 5 түрінен ұйым¬дастырылған байқауға тұрақты даму жолын¬дағы 4 ірі мұнай компаниясының коман¬да¬лары қатысты. Олар – «ПетроҚазақстан Ойл Продакст» ЖШС (Шымкент) және жергілікті «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ.
Спартакиаданың шымылдығы оған қаты¬сушы командалар шеруімен ашылды. Мұнай компаниялары ұжымдары арасындағы дәс¬түрлі спартакиаданың ашылу салтанатында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Бас¬қарма төрағасы Цин Хунвей сайыстың та¬бысты өтуіне тілектестігін жеткізді. Аталған компанияның спортты дамытуға барынша қолдау көрсететінін атап өткен басқарма төрағасы ұжым қызметкерлерін жарыстың ашылуымен құттықтады.
– Персонал – әр компанияның ең басты байлығы. Біздің басты қағидаларымыздың бірі – мұнайшы қызметкерлердің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау. Біздің компания бұқаралық спортты дамытуға барлық уақытта айрықша көңіл бөледі. Компания қызметкерлері арасында түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып оты¬ру маңызды. Мұндай спорттық шаралар кә¬сіп¬орындар қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасын нығайтуға, салауатты өмір салтын ке-ңінен насихаттауға зор үлесін қосады. Міне, биыл да шара жалғасын тауып отыр. Мұн¬дай спартакиадалар біздің компанияны Қазақстандағы ең мықты мұнай компаниясы қатарына қосатынына сенімім мол. Аталған спорт сайысында тек мықтылар жеңіске жетсін! – деп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң жергілікті «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС басқару аппаратының басшысы Рүстем Усалдинов, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ вице-президенті Нұрлан Әлиев дәстүрлі түрде өт¬кізіліп келе жатқан спартакиаданың табысты өтуіне тілектестіктерін жеткізді.
Жоғарыда айтқанымыздай, ұжымдар арасын¬дағы VІ спартакиада жергілікті «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ базасында өтті. Мұнай саласы қызметкерлері спорттың 5 түрінен өзара бақ сынасып, мықты командаларды анықтады. Биылғы ерекшелік, аталған шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен «Құмкөл» кен орны игерілуінің 30 жылдығына арналды.
Командалар арасында спорттың бадминтон, бильярд және шахмат секілді түрлерінен өткен сайыс тартысты өтті. Мұнда  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ командалары жеңіске жетті. Шағын футбол мен үстел теннисінен өткен жарыста «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС спортшыларының мерейі үстем болды.
Ал барлық жарыстардың қорытындысы бо¬йынша командалық есепте «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметкерлерінен жасақ¬талған командалар алға шығып, бірінші орынды иеленді. Келесі жүлделі орынға «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС мамандары лайық деп танылса, үшінші орын қонақтарға, яғни Оңтүстік Қа-зақстан облысынан келген «ПетроҚазақстан Ойл Продакст» ЖШС командасына бұйырды. Ал «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ командасы турнир таблицасындағы соңғы орынға табан тіреді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «Петро¬Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев, аталған компа¬нияның басқарма төрағасының орынбасары Суфия Даминова қатысты. Компания басшы¬лығы жүлдегер командаларға дипломдар мен кубоктар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табыс¬тады. Ұйымдастырушылар футзалдан жақсы өнер көрсеткен пертоқазақстандық команданың капитаны Аман Жүнісовке және «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ футбол командасына арнайы сыйлық табыс етті. Осылайша, мұнайшылар арасындағы спорт жүйріктері бас қосқан дәстүрлі спартакиада табысты қорытындыланды.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
Андрей ТАЙГУНОВ (сурет).
ДОДА 01 желтоксан 2016 г. 837 0