«ІЛЕ» МЕН «ҚАЙСАР» КӨШ БАСТАДЫ

«ІЛЕ» МЕН «ҚАЙСАР» КӨШ БАСТАДЫБұдан бұрын хабарланғанындай, Қызылорда қаласында қол добынан әйелдер арасындағы клубтар лигасының І Азия чемпионаты басталды.

 

Жарыстың алғашқы күнінде алаңға алдымен Өзбекстан және Катар командалары шықты. Аса тартысты өткен ойында көрші елдің қыздары басымдық танытты. Есеп 32:22. Іле-шала Алматы облысының «Іле» командасы мен ирандықтар кездесіп, Жетісу өңірінің бұрымдылары 41:23 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Бұдан соң Азия аламанының ашылуы болып, салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, Халықаралық қол добы федерациясының вице-прези­денті Мохаммед Әлтейаб Бадер, Қазақстан қол добы федерациясының президенті Гүлнәр Тұрлыханова спортшы­ларға сәттілік тіледі. Жарыс қайтадан жалғасып, Алматы қаласының «Алматы» және Қызылорданың «Қайсар» коман­далары кездесті. Сыралғы қарсыластардың бәсекесінде жер­лестеріміз жеңіске жетті. Есеп 23:20.

Чемпионаттың екінші күніндегі ойын нәтижелері төмен­дегідей:

«Өзбекстан» – «Алматы» 22:31

«Катар» – «Іле» 19:35

«Қайсар» – «Иран» 28:24

Командалар кеше демалды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

ДОДА 29 қазан 2016 г. 1 033 0