Ардагер футболшының жүлдесіне арналды

Ардагер футболшының жүлдесіне арналды9-14 қыркүйек аралығында Қызылорданың «Автомобилист», Алматының «Қайрат» шеберлер командасының ардагер ойыншысы, Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. Турнир нәтижесінде Шымкент қаласының  №7 футбол мектебі көш бастаса, екінші орынды Қызылорданың «Қайсар» футбол орталығы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының футбол мектебі  командалары иеленді.

«Үздік қорғаушы» - Олжас Серікбаев (Шымкент қаласы),

«Үздік жартылай қорғаушы» - Батыр Тілеу (Қызылорда қаласы),

 «Үздік шабуылшы» - Қажымұқан Қуатбекұлы (Шымкент қаласы),

 «Үздік қақпашы» - Бақытжан Сәбит (Қызылорда қаласы),

«Үздік ойыншы» - Заңғар Шардарбек (Шымкент қаласы),

«Жеңіске деген жігері үшін» - Алматы қаласының командасы,

«Үздік техника көрсеткені үшін» - №6 Қызылорда облысының футбол мектебі,

«Жігерлі ойыншы» - Руслан Захаров (Алматы қаласы).

Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен  марапатталса, номинация иегерлері мен жарысқа белсенді қатысқан командаларға диплом, естелік сыйлықтар табысталды.

Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық футбол федерациясының президенті Садық Мұстафаев, Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбенов, облыстық балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының төрағасы Әмірбек Шаймағанбетов және футбол ардагерлері марапаттады.

 

 

 

 

ДОДА 14 қыркүйек 2016 г. 907 0