ЕҢБЕК АРДАГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

Қармақшы ауданында еңбек ардагері Айдарбек Пірмантаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық  турнир үстіміздегі жылы тоғызыншы мәрте ұйымдастырылды. Жарыста Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан, облыстың барлық ауданынан 100-ден аса жасөспірім палуандар бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі спортшылар чемпиондық тұғырға көтерілді. 46 келі. Айдәулет Дүйсеахметов (Шиелі ауданы), 51 келі. Сағитжан Жүсіп (Қармақшы ауданы), 57 келі. Ғалым Тұяқбаев (Тұрмағанбет ауылы, Қармақшы ауданы), 64 келі. Әсет Әбдіреев (Қармақшы ауданы), 72 келі. Арнар Смайлов (Жаңақорған ауданы), 81 келі. Нұрдос Табынбай (Жамбыл облысы), 81 келіден жоғары. Нұрбек Дариялов (Қызылорда қаласы).
Әділ ТАЛАП.

ДОДА 16 қараша 2013 г. 1 120 0