АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ

Малайзия астанасы – Куала-Лумпур қаласында пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азияның ашық чемпионаты болып өтті. Жарысқа 32 мемлекеттен спортшылар қатысты. 
Біріншілік барысында 50 келіге дейінгі салмақта ойын көрсеткен жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Кабира Асқарова күміс жүлдегер атанды. Ал Айбек Әбжан 65 келіге дейінгі салмақта төртінші орынға тұрақтады. 
Олар келесі жылдың сәуір айында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Спортшыларды жарысқа пауэрлифтингтен облыстың аға жаттықтырушысы Александра Инкижекова мен еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев дайындады. 
Әділ ТАЛАП.

ДОДА 16 қараша 2013 г. 1 299 0