БОЗ КІЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕ

Өткен қарашаайының соңғы екікүнінде №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалықрезерв мектебінде қазақкүресінен жасөспірімдер арасындареспубликалық турнир өтті. Облыстықдене шынықтыру жәнеспорт басқармасының ұйымдастыруымен көрнектіқоғам және мемлекетқайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналғанбоз кілемдегі белдесуге 1999-2000 жылы туғанер балалар менқыздар қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев балғын палуандарға сәттілік тіледі. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін сөз алған Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы, еңбек ардагері Сәпен Аңсатов ұлтымыздың әдебиетін, мәдениет, өнерін өрге сүйреген біртуар тұлға Темірбек Қараұлының өмірі мен қызметі жайлы әңгімелеп берді.

Ер балалар 38, 42, 46, 50, 60, +66 келі, қыздар 40,45, 55 келі салмақта сынға түскен жарысқа Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысты. Турнирдің мақсаты – өскелең өрендер арасында қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.

Аталмыш турнирде қызылордалық балғын спортшылар 35 жүлдені иеленді. Оның 9-ы алтын, 8-і күміс, 18-і қола медаль.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.


ДОДА 09 желтоксан 2014 г. 1 515 0