КҮЗЕТШІЛЕР САЙЫСҚА ШЫҚТЫ

Апта басынан бері облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасына қарасты жеке құрамның спорттық сайыс шарасы өтуде.

Президенттік миль, волейбол және шағын футболға қатысқан же­ке құрам сарбаздары додаға тас-түйін дайындалып келіпті. Ма­ман­дандырылған күзет қызметі бөлі­ністерінің қызметкерлері "Прези­денттік 1500 миль” сайысымен бас­тады. 2400 метр қашықтыққа 124 қыз­меткер жүгіруден бақ сынады. Желдей жүйткіген жүйріктер ішінен кіші сержант Б.Арыстанов бірінші келсе, өтілші Ә.Оспанов, кіші сержант Ж.Рахметов тиісінше 2-3 орындарды бөлісті.

ОІІД "Динамо” спорт кешенінде өткен шағын футболға 11 команда қатысты. Біріне бірі дес бермей өнер көрсеткен қатысушыларға қолдау көрсетуге МКҚБ қызметкер­лерінің отбасы мүшелері, бала-шағасы және достары мен әріптестері келді. Әрбір команданың өз жанкүйері бол­ғаны, сайыстың көркін одан әрі ашты. Сайыс мәресіне жетіп, төрешілер шы­ғарған қорытындылар бойынша, бі­рінші орынды 4 взвод иеленсе, 8 взвод полиция батальоны күміске, ал қолаға 6 взвод қол жеткізді.

Футболдан кейін волейбол жары­сына жандарын салған командалар ішінде 7 взводтың полицейлері үздік шықты. Екінші орынға тұрақтаған ЖДҚ бөлімі мен үшінші орын иегері 1 взвод командасы бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Енді, жоспарға сай, жыл аяғына дейін спорттық шаралар өткізіліп тұратын болады. Бұл қырағы күзет қызметкерлері әрдайым өз бабында болады деген сөз.

Алма Байымбетова,

облыстық "МКҚБ” ММ кадр жөніндегі инспекторы.

ДОДА 07 қазан 2014 г. 1 155 0