« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жас спортшылардың спортқа деген ынта-ықыласын арттыру үшін түрлі сайыстар мен жарыстар ұйымдастырылып, көңіл бөлініп келеді. Осы орайда облыстық дойбы федерациясы мен қалалық спорт бөлімінің мұрындық болуымен мектеп оқушылары арасында дойбыдан жарыс болып өтті. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты балаларды спортқа баулу, қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау болып табылады.
Сайысты облыстық дойбы федерациясы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасұлан Тілеген ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұлдар мен қыздар арасында болған сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Аса ыждағаттылық пен ұшқыр ойды қажет ететін сайыста қыздар арасында үздік танылып, бірінші орынды иемденген №8 мектеп интернатының 9-сынып оқушысы Гүлжан Әліжан болса, екінші орынды Перизат Берекет иемденді. Үшінші орынды Жарқынай Тайшыбаева қанағат тұтты.
Ал, ұлдар арасында өткен сайыста бірінші орынды Ақназар Байназар алды. Келесі жүлделі орындарды Бақдәулет Оспанов пен Қуандық Батырханұлы бөлісті.
Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |