Үстіміздегі жылдың 10-15
қыркүйек аралығында Жапонияда мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының
төртінші кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева
жақсы өнер көрсетті.
Ол мәнерлеп сырғанаудан
қысқа бағдарламада көш бастады. Ол еркін бағдарламада бесінші орынды иеленіп,
қорытындысында 159,38 баллмен қола жүлдені еншіледі. Элизабет осы бәсекеде
Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы болып табылады. Енді
ол үстіміздегі жылдың 1-5 қазан аралығында Германияның Дрезден қаласында өтетін гран-при додасының алтыншы кезеңіне және 14-19 қазанда Ниццада болатын
халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.
Әділ ТАЛАП.