« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазір ел біріншілігінде сынға түсіп жатқан командалар 1-6 және 7-12 орындар үшін екі топқа бөлініп өзара тартысқа түсіп жатқаны белгілі. Премьер-лигаға жылдық үзілістен кейін қайта қосылғанына қарамастан, «Қайсар» тәуір ойын өрнегін көрсетіп, жүлдеге таласатын алғашқы алтылыққа қосылды. Олардың арасында жеңісті қолдан беріп қоятын ешкім жоқ, әрқайсысы өздерінің мықтылығын дәлелдеп келе жатқан ұжымдар саналады. Соған қарамастан, «Қайсар» әуелі Қарағандыда «Шахтермен» 0:0 есебімен тең түсіп, одан кейін Шымкентте «Ордабасыны» 1:0 есебімен орта жолда қалдырып кетті. Соның нәтижесінде турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Қазір олар төртінші орында тұр. Алға қойған мақсат келер жылы еурокубок ойындарына жолдама алу болып отыр.
Енді жерлестеріміз кезекті кездесуін өз алаңында Алматының «Қайрат» командасымен өткізеді. Оңтүстік астананың намысын қорғап жүрген ұжым биыл бас жүлдеге бірден-бір үміткер ұжым саналады. Сол себепті жерлестерімізді 14 қыркүйекте тартысты ойын күтіп тұр деуге негіз бар.
Әділ ТАЛАП.
« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |