Санчес Головкин - "Канело" жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес AB Boxing News арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңетініне сенім білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий оны екі рет сабады. Сондықтан "Канелоны" үшінші рет жеңуге бөгет жоқ. Тек Головкин "Канеломен" Вегаста жұдырықтаспайды деген үміттемін, егер бас тарта алмайтындай қызықтырмаса. "Канелоға" ол жерде рақымды сияқты.

Cондықтан екеуі тағы айқасар болса, басқа жер таңдағаны жөн, сонда GGG оны таза жеңеді. Головкин оны алдыңғы екі кездесудегідей қайта жеңеді", - дейді Санчес.

ДОДА 28 сәуір 2020 г. 483 0