Тоғызқұмалақшы Бексұлтан Бостандықов онлайн жүйеде бақ сынайды

Елдегі карантинге байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің «Бірге еңсереміз» атты жобасы аясында тоғызқұмалақтан Қазақстанның ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық құрама командалары арасында онлайн жүйеде жолдастық кездесу өтеді.

Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жолдастық кездесуге Сыр спортшысы, Әлем чемпионатының жүлдегері, ашық Азия Кубогының жеңімпазы Бексұлтан Бостандықов қатысады.

Ойындар 4 сәуір - 2 мамыр аралығында әр сенбі күні сағат 16:00-17:00-де iggamecenter.com сайтынан және тоғызқұмалақтан ҚР бас жаттықтырушысы - Серік Ақтаевтың Instagram-дағы @aktayevserik парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

ДОДА 05 сәуір 2020 г. 723 0