ТАСТАЯҚ БӘСЕКЕСІ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

ТАСТАЯҚ БӘСЕКЕСІ ТАРТЫСТЫ ӨТТІҚызылорда қаласында бильярдтан ардагерлер арасында өткен облыстық турнир мәреге жетті.

Жарысқа облыс орталығы мен аудандардан барлығы 20 ардагер қатысты. Аса тартысты өткен тастаяқ бәсекесінде қазалылық Кенжебай Ахмет жеңімпаз атанса, қызылордалық Мұхтар Бейісов екінші орынды қанағат тұтты. Ал Қармақшы ауданынан келген Есет Назарқұлов пен сырдариялық Төлеу Сүлеймен үшінші-төртінші орындарды өзара бөлісті.

Турнир жеңімпаздары облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, турнирге қатысушылардың барлығына облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаты мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.


ДОДА 19 тамыз 2014 г. 1 143 0