« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Адам зейнетке шыққан соң да өзін-өзі дамытып, түрлі спорт түрімен айналысуы денсаулығының жақсы болуына әсер етеді. Ардагерлер тек мереке-жиындарда ғана емес, өзге де шараларда жиі басқосуды қалайды. Міне, осы орайда облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті. Оған барлық аудандардан 30-дан аса әуесқой тоғызқұмалақшы қатысып, бақ сынасты.
Алдымен шараның ашылуында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев сөз сөйледі.
Терең ойды талап ететін, халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Ол да шахмат, дойбы сияқты адамнан шыдамдылықты, салқынқандылықты қажет ететін ақыл-ой спорты. Сондықтан осындай ойындар үлкен-кішіге бірдей пайдалы, – деді С.Әбішев.
Өңірдің барлық аудандарынан келген ардагерлер тоғызқұмалақтан бәсекеге түсіп жатқанда, олармен сабақтас шахматшы, алты дүркін Азия чемпионы атанған Әсел Серікбай шеберлік тәсілдерін көрсетті. Ол ата-әжелерін шахмат өнерінің қыр-сырына қанықтырды.
Турнир нәтижесінде І орынды Қырмызы Секина жеңіп алды. Ал одан кейінгі жүлделер сырдариялық Мектепхан Елеусінов пен қызылордалық Әмір Кемадуллаевқа бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық және дипломдармен марапатталды.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |