Аралас жекпе-жек жеңімпаздары анықталды

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы,  "Сарбаз" кəсіпқой спорт клубының ұйымдастыруымен "Евразия" спорт кешенінде аралас жекпе-жектен ММА кəсіпқойлар арасында халықаралық турнир өтті.

Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан елдерінен жəне Қызылордадан 22 спортшы қатысты. Нəтижесінде  жетеуі жеңімпаз атанды.

Турнир жеңімпаздары - Айбек Беккаримов, Алғабек Сейілханов, Айбек Айтбаев, Бахтияр Мұхамедияров, Олжас Есқараев,
Есен Қанышов жəне Рүстем Дəулетбай.

ДОДА 25 маусым 2019 г. 1 653 0