Үміт сыйлайтын "Үміт" кубогы

 Алматы қаласында балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында баскетбол бойынша «Үміт кубогы» Қазақстан Республикасының XIX Чемпионаты өтіп жатыр.

Жыл сайын ұйымдастырылатын Чемпионат биыл «Мирас» Қазақстан Халықаралық мектебінің спорттық кешенінде өткізілуде. «Үздік команда» атану үшін Қазақстанның бірнеше аймағынан 17 баскетбол командасы күш сынасады. Спорттық бәсекеге балалар үйі мен мектеп интернаттарының 10 және 17 жас аралығындағы 170 тәрбиеленушісі тартылған. Чемпионаттың төрешілер алқасындаҰлттық баскетбол федерациясының халықаралық дәрежедегі төрешілері бар.

- Қазақстан Халық банкі, «Halyk» Қайырымдылық қоры арқылы жыл сайын ел аумағында он шақты ірі әлеуметтік жобаралды іске асырады, - дейді қордың Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы Александр ПАВЛОВ, - 2005 жылдан бері жасөспірімдер арасында баскетболға қызығушылықты арттыру мақсатында 400 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Игі бастаманың нәтижелі болғаны, әрине, қуантарлық жайт. Бүгінгі таңда бұл жобаның арқасында ондаған тәрбиеленушілер спорт шеберіне үміткер және спорт шебері атағына қол жеткізді. Кубок ойындарына белсенді қатысқан жастардың көпшілігі болашақ мамандық ретінде спортты таңдап, баскетбол жаттықтырушысы ретінде білімі мен шеберлігін балалардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағыттады. Менің ойымша, спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйспеншілікті дамыта отырып, келешекке жолдама беру – қайырымдылық жобаның ең басты жетістігі».

Қазақстан Республикасының балалар үйі мен мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында баскетбол бойынша жыл сайынғы Чемпионаты Ұлттық баскетбол федерациясының қолдауымен өткізіледі. Бұл Халық Банкі мен Halyk қайырымдылық қорының «Халық Лигасы» ауқымды әлеуметтік жобасының бір бөлігі болып табылады. Аталған жоба қамқорлықтағы балалар мекемелерін спорт жабдықтарымен, керек-жарақтармен қамтамасыз етудіжәне жаттықтырушылар құрамын құру мен олардың еңбекақысын төлеуді қамтиды. Жас спортшылар баскетбол бойынша кәсіби жаттықтырушылардың басшылығымен тәлім алуға мүмкіндік алды.

Халық Банкі балалар мен олардың тәрбиелеушілерінің жолақысы, қатысушыларды орналастырумен (тұрар жері мен тамақтануы), жеңімпаздарға арналған сыйлықтарды сатып алумен, төрешілер қызметіне төлем жүргізумен байланысты шығындарды көтере отырып, 2005 жылдан бері Чемпионаттың негізгі демеушісі мен ұйымдастырушысы болып отыр. 2016 жылы бұл жоба «Халық» Қайырымдылық қоры» жеке қорына тапсырылды. Биыл, сондай-ақ жобаға «Технодом» және «Samsung Electronics» компаниялары қолдау көрсетті.

 

ДОДА 19 маусым 2019 г. 777 0