КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН – 12 ЖҮЛДЕ

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН – 12 ЖҮЛДЕ

Жуырда Жамбыл облысында көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтті. Сыр елінің намысын қорғаған жас гимнасшылар 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен елге оралды.

Чемпионатқа Алматы қаласы, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облысынан 200-ге жуық спортшылар қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында Құралай Сапар, Гүлден Бердібек, Дана Садықова, Мәриям Тұрғанбай бас жүлдені жеңіп алды. Ал топтық көріністе 2004-2005 жылы туған спортшылардың мерейі үстем болды.

Жекелей көріністен Айжан Қуандықова, Ольга Тян, Динара Шамсудин және 12-13 жастағы гимнасшылар топтық жаттығудан күміс жүлдені иеленді. Ал, Диана Қанатбек, Толқын Әбдиева топтық көріністе үштікке ие болды.

Алда Алматы қаласында өтетін көркем гимнастикадан халықаралық жарыс бар. Сыр спортшылары енді сол асуды бағындыруға дайындалып жатыр.

Нұрбек Сағатұлы.


ДОДА 10 маусым 2014 г. 1 161 0