Дэвис кубогы: Қазақстандықтардың алғашқы қарсыласы кімдер ?

Теннистен Қазақстан құрамасының Дэвис кубогіндегі қарсыласы анықталды. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лондонда өткен жеребе нәтижесі бойынша, 2019 жылғы Дэвис кубогінің бірінші кездесуінде Қазақстан Португалияға қарсы ойнайды.
Бес матчқа созылатын кездесу 1-2 ақпан күндері Астанада өтеді. Еске сала кетейік, биылғы Дэвис кубогінде Қазақстан Швейцария құрамасын 4:1 есебімен ұтып, сырт алаңда Хорватияға 1:3 есебімен жол берді. Дэвис кубогі - 1900 жылдан бері теннистен ерлер арасында өткізілетін ірі халықаралық турнир. 1979 жылдан бері Халықаралық теннис федерациясының қолдауымен өткізіледі.


ДОДА 01 қараша 2018 г. 599 0