Спорттық сайыс

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысымен «Кәусар» мамандар орталығы» ҚБ  жастар арасында баскетболдан жарыс өткізді. 

Спорттық шарада Байқоңыр қаласының жастары ептілігін көрсетіп, шапшаңдық танытты. Үздік деп танылған ойыншылар көптің алғысына бөленіп, жетістіктер төрінен табылды. Айта кетейік, аталған шара жастармен байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын-алу және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды.
ДОДА 31 қазан 2018 г. 694 0