Футболдан сайысты

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласының өкілдігі бойынша спорт алаңында «Кәусар» мамандар орталығы» ҚБ  мұрындық болуымен  жастар арасында футбол сайысы өткізілді. 
Аталған шара құқық бұзушылықтың алдын-алу және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында 4 команда бақ сынасып, І орынды «Қайсар» командасы, ІІ орынды «Динамо» командасы, ІІІ орынды «Спартак»  иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында жастар естелік суретке түсіп, алдағы уақытта  осындай шаралар көптеп өткізілсе деген тілектерін жеткізді.
ДОДА 11 қазан 2018 г. 769 0