Макгрегор мен Нурмагомедовтың айқасын қашан және қайдан көруге болады?

  Әлемдік ММА жанкүйерлері ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың көптен күткен кездесуіне куә болмақ. Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі аталмыш айқасты қазақстандықтар қашан және қайдан тамашалай алатындарын көрерменнің есіне тағы бір салуды жөн көріп отыр. ММА спортының әлемдік алпауыттары - 7 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында бақ сынасады.
Қазақстандықтар айтулы айқасты «QAZSPORT» телеарнасынан көре алады. Трансляция уақыты - Астана уақыты бойынша 07:50 кезіне келіп отыр. Хабиб Нурмагомедов UFC-дің қазіргі чемпионы. Салмақ дәрежелерінен тәуелсіз үздік ММА шеберлерінің ішінде сегізінші орында. Қап тауының қабыланы осыған дейін 26 кездесу өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтаған. Соңғы айқасында осы жылдың 7 сәуірінде америкалық Эл Яквинтамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ал ирландиялық Конор Макгрегор жеңіл және орташа жеңіл салмақта 2015-2018 жылдар аралығында UFC чемпионы болған спортшы. 30 жастағы Ирландияның жолбарысы 24 кездесуінің 21-де жеңіске жеткен. Спорттық мансабының алдындағы екі кездесуінде жеңістің ащы дәмін татқан. Үшіншісінде америкалық Нейт Диастан 2016 жылы жеңіліп қалған.


ДОДА 06 қазан 2018 г. 892 0