Үшінші турнир үздігі

 Қызылордада Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтің жүлдесі үшін футболдан 2006 жылы туылған  жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 

Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирге еліміздің облыстарынан 12  команда қатысып, үздіктерді анықтады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Сұлтан Мұрашұлы барлық қатысушы командаларға доптарды сыйға тартты.

Турнир нәтижесінде «Қайсар» футбол орталығының командасы  көш бас­тады. Олар финалда №6 облыстық футбол жөніндегі олимпиадалық резерв мектебінің командасын 1:0 есебімен ұтты. Үшінші орын Ақтөбе облысының  командасына бұйырды.  

Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясын Данияр Болат (Ақтөбе) еншілесе, «Үздік жартылай қорғаушы» Думан Абызбай («Қайсар» ФО) атанды. «Үздік шабуылшы» Шаттық Меңлібаев (Сырдария), «Үздік қақпашы» Әлиакбар Әбілқайыр  (№6О РМБЖМ),  «Үздік ойыншы» Мақсат Жетпісбаев («Қайсар» ФО), «Үздік төрешілер» номинациясымен Елдос Аяпбергенов, Дінмұхаммед Есенбай, Николай Срыбник (Қызылорда) марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен  марапатталса, номинация иегерлеріне  естелік сыйлықтар табысталды.

«СБ» ақпарат.
ДОДА 15 қыркүйек 2018 г. 1 087 0