Қазақстан құрамасы футзалдан алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның ерлер құрамасы футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойнап 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Матч Almaty Arena спорт кешенінде көптеген жанкүйерлердің қолдауымен өтті. Ойындағы есеп 18-ші минутта Владислав Черномордовтың әдемі голымен ашылды, ал, екінші таймның 14-ші минутында Арнольд Кнауб есепті 2:0-ге жеткізді.

- Бүгін психологиялық тұрғыдан бізге қиын болды. Қарсыласымызды оңай жеңеміз деп ойладық. Бірақ олар, өте жақсы ойын көрсетіп, физикалық тұрғыдан өздерінің мықты екендігін байқатты. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, бастысы үш ұпай еншімізде, - дейді Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Черномордов.

Бұл кездесудің алдында дәл осы қос құраманың қыздары қызықты ойын көрсетіп жаңкүйерлерге көтерінкі көңіл күй сыйлаған болатын. Алайда, Жаңа Зеландия ойыншылары Қазақстаннан басым түсіп 5:3 есебімен 3 ұпайға ие болды. Біздің құрамнан Алия Садуақасова екі рет, ал, Камал Құдайбергенова бір рет көзге түсті.

- Біз осы ойынды ұтуға тырыстық, деңгейіміз бір болды деп ойлаймын. Бірақ, соңғы минуттарда шаршағандықтан есе жіберіп қойдық. Олар физикалық жағынан мықты екен. Енді Португалиямен ойнаймыз, қиын болатындығы сөзсіз, жеңуге тырысамыз, - деді Қазақстан құрамасының ойыншысы Зулейра Әбішева.

Айта кетер жайт, әлем чемпионаты 26-ші тамыз күні аяқталады. Ойындар Almaty Arena және Halyk Arena мұз кешендерінде өтуде. Оған - 16 ерлер және 9 әйелдер құрамасы қатысуда. Бүгін, Қазақстанның әйелдер құрамасы Португалиямен сағат 16:00-де кездеседі, ал ерлер құрамасы Болгарияға қарсы шығады. Басталуы 20:00-де. Екі кездесуде Almaty Arena-да болады.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

ДОДА 21 тамыз 2018 г. 968 0