Азиада-2018: Қазақстандық баскетболшы қыздар алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Джакартада өтіп жатқан 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында баскетболдан (5х5) Қазақстан қыздар командасы Азиададағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін біздің команда 79:61 есебімен Үндістан командасынан басым түсті. Еске сала кетейік, топтық кезеңдегі алғашқы матчта қазақстандық баскетболшылар Қытайлық Тайпей командасына ұтылып қалған болатын.  Қазақстан командасы Индонезия, Оңтүстік және Солтүстік Корея және Тайпеймен бірге «А» тобында өнер көрсетеді.



ДОДА 17 тамыз 2018 г. 914 0