Азиада-2018: Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы жеңіліп қалды

Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында баскетболдан (5x5) Қазақстан ерлер командасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР  ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей Қазақстан командасы бүгін Астана уақытымен 9:00-де Филиппинге қарсы жарыс алаңына шыққан болатын. Өкінішке қарай, төрт кезең қорытындысы бойыншы қазақстандықтар қарсыластарына 59:96 есебімен жол берді. Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан қыздар командасы да алғашқы матчта қытайлық Тайпейден ұтылып, алғашқы іріктеу сынын сәтсіз бастаған болатын. Осы орайда айта кетейік, баскетболдан ерлер командасы Азия ойындарында D тобында сынға түсіп жатыр.



ДОДА 16 тамыз 2018 г. 832 0