«ҚАЙСАР» ҚАЙСАРЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

«ҚАЙСАР» ҚАЙСАРЛЫҒЫН ТАНЫТТЫӨткен аптаның жексенбісінде Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдады. Ойын аса тартысты деңгейде өтті.
Павлодарлық клуб қай кезде де тәжірибелі ұжымның бірі саналады. Жылма-жыл үздіктер қатарынан көрініп келеді. Үстіміздегі жылғы біріншілікте де тәп-тәуір көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Арадағы жылдық үзілістен кейін үздіктер қатарына қайта қосылған «Қайсар» үшін әрбір ойынның маңызы ерекше. Алғашқы бес турда кібіртіктеп, қажетті ұпайларға қол жеткізе алмай жүрген жерлестеріміз бұл жолы жанкүйер көңілінен шығатын шеберлік көрсете білді деп санауға болады. 
Қонақтар бірден шабуыл шебіне көбірек мән беріп, біздің қақпа маңын торуылдай бастады. Алғашқы гол да көп ұзамай соғылды. Ойынның 5 минөтінде «Ертістің» жартылай қорғаушысы Игорь Юрин есеп ашты. Одан кейін көп ұзамай «Қайсардың» македониялық шабуылшысы Душан Савич 11 метрліктен айып добын соқса, павлодарлықтар тағы да алға шықты. Тағы бір шабуылшымыз Сергей Струков бірінші кезең аяқталар уақытта таразы басын теңестірді. Келесі кезеңде Антон Землянухин мен Душан Савич екі доп соғып, «Қайсарға» жеңіс сыйлады. Есеп 4:2.
Жерлестеріміз енді 19 сәуірде сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі. Өз алаңында біріншіліктің кезекті кездесуін Қарағандының «Шахтеріне» қарсы 27 сәуірде өткізеді. 
Әділ ТАЛАП.

ДОДА 15 сәуір 2014 г. 942 0