КАРАТЭШІЛЕР ЖЕТІСТІГІ

Қызылорда қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 250 каратэші қатысты. 
Жарыс ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. Ел чемпионатынан бірінші орын алған спортшылар ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сонымен қатар, жеңімпаз спортшылар мамыр айында Филиппинде өтетін Азия чемпионатына және шілде айында Болгарияда болатын Еуропа чемпионатына жолдама алды. 
Жарыс барысында біздің облыстан 16-17 жастағы қыздар арасында Балжан Исмайылова (55 келі), осы жастағы ұлдарда Әлішер Сейілбек (60 келі), ересектерде Үсен Төлегенов (60 келі) чемпион атанды. 
Әділ ТАЛАП.

ДОДА 10 сәуір 2014 г. 1 031 0