СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында гір көтеруден жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
Онда Сырдария ауданының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында 68 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Көлдеев күміс жүлдені иеленіп, ол серпе көтеруде 113, жұлқа көтеруде 81,5, қоссайыста 194,5 келіні бағындырды. Ал 40-49 жас аралығындағы ардагерлер арасында сынға түскен Оразбек Медетбаев 63 келі салмақта чемпион атанып, 8 минутта 24 келі гір тасын 75 рет көтерді. Н.Көлдеев шілде айында Латвияда өтетін, О.Медетбаев қарашада Германияда болатын  Әлем чемпионатына қатысады. 
Әділ ТАЛАП. 

ДОДА 08 сәуір 2014 г. 1 049 0