БАС ҚАМШЫНЫ, ҚАМШЫБЕК!

Қазақстан Президентінің кубогы үшін бокстан өткен халықаралық турнирге 16 елдің  былғары қолғап шеберлері қатысты.  Қазақстан құрамасы  дәстүрлі бәсекеде 10 алтын, 6 күміс, 12 қола медаль олжалап, көш бастады.
 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Сыр ұланы Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта бақ сынасып, екінші мәрте қатарынан жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Қамшыбектің алдағы жоспары – Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін келесі жылы Сочиде өтетін лицензиялық әлем чемпионатына дайындалады.
Сондай-ақ, айтулы додада жерлесіміз Дәметкен Келімбет 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Қос спортшы да – біздің жерлесіміз, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.
Қызылордалықтар ала арқанның ішінде атой салып, мойнына алтын таққан Қамшыбек Қоңқабаевты құрметтеп күтіп алды.
Біз талантты жерлесіміздің тек қана әлемдік бәскелерде көк байрақ көтергенін көргіміз келеді.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.
ДОДА 12 маусым 2018 г. 753 0