Ел намысын қорғаған Юлия Галышева Пхенчханда фристайл-могул квалификациясынан сәтті өтіп, Ақ Олимпиада финалына жетінші орынмен шықты. Өкінішке қарай, қысқы ойындарға алғаш рет қатысқан 16 жастағы могулшы Аяулым Әміренованың жолы болмады.
Айта кетейік, бүгін «Хабар» арнасының тікелей эфирінен ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесі көрсетілді. Алғашқы додаға әзірше тек 10 елдің спортшысы қатысты. Турнир кестесінде жапониялық Шома Уно көш бастап тұр. Ал Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, отандық спортшы Денис Тен мұз айдынына 16 ақпанда шығады. Сонымен қатар спорттың осы түрінен қыздар арасында екі жас спортшымыз Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова 21 ақпанда өнер көрсетеді.
www.24.kz