ХОК ЛЕВИТКЕ ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫН АЛЫП БЕРУІ МҮМКІН

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Рио Олимпиадасындағы ресейлік қос боксшының нәтижелерін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды  http://www.ktk.kz/.

Бахтың айтуынша, халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы біраз күдікке ілініп отыр. Әсіресе, төрелік жасауда даулы мәселе көп. Соның бірі 2016 жылы Риода 91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан жерлесіміз Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы даулы жекпе-жек. Онда біздің боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын. Шешімге келіспеген жанкүйерлер бокс залын басына көтерді. Енді сол жекпе-жек нәтижесі қайта қаралуы мүмкін.

Ал екінші даулы кездесу Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасында өткен. AIBA-дағы жағдайдың ушығуына байланысты президенті Чинг-Куо Ву былтыр орнынан кеткен болатын. Бүгінде бұл құрылымды өзбек бизнесмені Гафур Рахимов басқарып отыр. Ал Томас Бах енді бокстың олимпиада ойындарынан тіпті алып тасталуы мүмкін екенін айтады.

 -AIBA-ның басқару, қаржы, төрешілік және допинг туралы есебіне ХОК атқарушы комитетінің көңілі толмайды. Сондықтан, боксты ХОК Буэнос-Айрестегі жасөспірімдердің олимпиадалық ойындары мен 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қосу мәселесін қайта қарайтын болады, – деді Томас Бах.

ДОДА 06 ақпан 2018 г. 1 088 0