« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға қатысушы Элизабет Тұрсынбаеваны қолдау мақсатында «Мұз айдынында» облыс мақтаныштары – шайбалы хоккейшілер, шорт-трекшілер және мәнерлеп сырғанаушылар жиналды.
Мұз сарайында көбелектей сан құбылып, би билейтін талантты спортшыға қошемет көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Халықаралық турнирдің жеңімпазы Жансая Есен, Алина Жанділдаева және Манас Бекташов жеке бағдарламада шаршы алаңға шықса, жиынға қатысқан Элизабеттің ағасы Тимур Тұрсынбаев та ерекше өнерімен көпшілікті қуантты.
Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев арнайы қатысып, жерлесімізге сәттілік тіледі.
Минскте өткен халықаралық Ice Star турнирінде І орын, Франциядағы Гран-при жарысында екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке қол жеткізген Элизабет өткен жылдың «Ең үздік жас спортшысы» атанған еді. Ол 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары, 2017 жылы қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі.
Осы уақытқа дейін Қысқы ойындар 23 рет өткізілген болса, Қазақстан бұл жарысқа жетінші мәрте қатысқалы отыр. Әлемнің 90 елінен үздіктер жиналып, 15 спорт түрінен 102 медальды сарапқа салады. Қазақстан спорт делегациясы 9 спорт түрінен сынға түседі. Оның ішінде мәнерлеп сырғанаудан бақ сынайтын Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан тарихында алғаш рет қыздар арасында жекелей сырғанау бойынша екі жолдаманы жеңіп алды. Жолдаманың бірі Аида Имамбекке бұйырды.
Көк тудың желбірегенінен қуат алатын дарынды спортшыларға деген ел сенімі берік.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |