Жақында Қызылорда қаласында еркін күрестен спорт мектептері оқушылары арасында облыс біріншілігі өткізілді. Онда 1997-1998 жылдары дүниеге келген балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жарыстың бас төрешісі Әбутәліп Амановтың айтуы бойынша, жарысты өткізуде балуандардың бабы мен шеберлігі таразыға тартылған. Олардың арасынан наурыздың 13-16 аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына спортшылар іріктелді. Жарыс қорытындысы бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер мектебінен Бердіғали Молдабеков (42 келі), Біржан Серікбаев (85 келі) және Рашид Шамгун (100 келі), Аралдан Нұртуған Әлібеков (46 келі), Рамазан Жуынтаев (58 келі), Сырдариядан Қайыржан Сағидулла (50 келі), Нұрболат Бөлегенов (69 келі), Нұрдәулет Балмахан (54 келі), Олжас Серікбай (63 келі), Жалаңтөс баһадүр атындағы спорт-интернаттан Асқар Медине (76 келі) чемпион атанды.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі алса, үздік үштікке Жаңақорған және Арал ауданының спортшылары ие болды.
Әділ ТАЛАП.