Жаңа сараптамада 181:82 есебімен Г.Головкин айқын басымдықпен жеңген

17 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында тартысты жекпе-жек өткен болатын. Алайда көптен күткен кездесудің нәтижесі бокс сүйер қауымның көңілінен шықпады. Әсіресе жеңісті 118:110 есебімен Альвареске берген төреші әйел Эделейд Берд танымал боксшылар мен сарапшылардың сынына іліккен еді. Бүгін Artorias Boxing Youtube-арнасы жекпе-жекке қатысты өз талдауын жүргізіп, әр раундта қай боксшы қанша нақты әрі таза соққы жасағанын есептеп көрді. Жаңа сараптамада келтірілген цифрлар жекпе-жекке төрелік еткен үш төрешінің де қателескенін көрсеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин - Альварес:

1-раунд: 8:8

2-раунд: 11:8

3-раунд: 10:9

4-раунд: 16:6

5-раунд: 17:5

6-раунд: 15:6

7-раунд: 15:4

8-раунд: 21:6

9-раунд: 13:5

10-раунд: 25:12

11-раунд: 13:4

12-раунд: 17:9.

Осылайша, сәтті жасалған соққылар бойынша 181:82 есебімен қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңген.

Baq.kz
ДОДА 19 қыркүйек 2017 г. 692 0