3 дүркін Әлем чемпионы

3-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында тоғызқұмалақтан өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Хәкімжан Елеусінов 3 дүркін Әлем чемпионы атанды! Ол ерлер арасында классика түрінен 7 турдан 7 ұпай жинап, 1-орынды жеңіп алды.  Осы жеңісіне орай ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындады.
Хәкімжан 2012 жылдан бастап тоғызқұмалақтан Қызылорда облысының аға жаттықтырушы қызметін атқарып келеді. Ол 4 дүркін Қазақстан чемпионы, 2012 жылы Чехиядағы, 2015 жылы Алматы қаласында өткенӘлем чемпионатының бірінші орын иегері.
Сондай-ақ, қыздар арасында 2016 жылғы Қазақстан жеңімпазы Ақерке Кенжебекова 7 турдан 5,5 ұпай жинап, қола жүлдені иеленді.
Ертең жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Жалпы дүбірлі додаға 23 мемлекеттен келген тоғызқұмалақшылар классика, рапид, блиц түрлерінен  қатысуда.
Енді үстіміздегі жылдың 4-12 қазан айында Таразда,  20 жасқа дейінгі жастар арасында Щучинскте өтетін ҚР чемпионаттарына және желтоқсанда Бішкекте болатын халықаралық турнирге облыс құрама командасы қатысады.

ДОДА 08 қыркүйек 2017 г. 778 0