ҚЫЗЫЛОРДАДА СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

20 тамыз күні ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастардың қатысуымен  бұқаралық велошеру өтеді. Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру.
Сөре сағат 10.00-де «Сыр-Ана» монументінен басталып, қатысу¬шылар Тәуелсіздік даңғылының бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы өтеді. Мәре орталық стадионда аяқталады. Бұқаралық велошеру өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда. Баршаңызды велошеруге қатысуға шақырамыз! Салауатты өмір салтына үлесімізді қосайық!
ДОДА 19 тамыз 2017 г. 669 0