Футболдан республикалық турнир басталады

 16-22 тамыз аралығында футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан  8 команда қатысады.

Мақсаты – спорт секцияларында дәріс алып жүрген жасөспірімдердің дене шынығуын нығайтып, спорттың бұқаралығын арттыру, футболшылардың шеберлік деңгейін көтеру, облыс құрама командасын  үздік ойыншылармен толықтырып, республиклық жарыстарға қатыстыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс қорытындысы бойынша бес номинациямен (үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік жартылай қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы)үздік футболшылар марапатталады.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом, кубок және бағалы  сыйлықтар беріледі.

 Турнирдің басталуы 16 тамыз сағат 9.00-де, салтанатты ашылуы 11.00-де «Локомотив» стадионында.

ДОДА 15 тамыз 2017 г. 671 0