Сотталғандар арасында жазғы спартакиада өтіп жатыр

 

1-30 тамыз аралығында Қызылорда облысының ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында дәстүрге айналған  жыл сайынғы жазғы спартакиада өтіп жатыр. 

Бұл шараның басты мақсаты - сотталғандарды салауатты өмір салтына бейімдеу, моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыру, яғни сотталғандардың өзара салауатты карым-қатынастарын жақсарту, дене шынықтыру және спорттық дайындықтар арқылы денсаулықтарын нығайту. Спартакиада келесі спорт түрлерін қамтиды – дойбы, шахмат, стол теннисі, мини-футбол, волейбол, кір көтеру спорты, қол күресі, және де жеңіл атлетикалық бағдарлама да қосылған – 100 метрлік эстафета, қаппен жүгіру, бағанада тартылу және ұзындыққа секіру. Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар беріледі.  

С.Ким,

ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ  бөлімінің бастығы,

әділет майоры                                                                                    

ДОДА 15 тамыз 2017 г. 840 0