ТАРТЫСҚА ТОЛЫ ТУРНИР

Қызылорда қаласындағы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ 20 жылдығына және «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, «Байкен-U» ЖШС ардагерлер жүлдесіне арналған волейболдан турнир өтті.
Жарысқа «Қызылорда», «Ақмешіт», «Арай», «Сәулет», «Жібек жолы», «Белкөл жастары», «КБИ», «РУ-6», «Байкен-U», «ТТК Шиелі», «Жаңақорған» сынды оннан аса команда қатысты.
Екі күнге созылған жарыс тартысты өтті. Командалар, жеңіске жету үшін барынша тырысып бақты. Кейбір спортшылар допты әуелетіп ұрып қарсыластардың алаңына түсірсе, енді біреулері оны дұрыс қабылдай алатындығымен ерекшеленді. Тіпті, үштік әдіс арқылы айшықталған ойын өрнегі көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Олар да өз кезегінде командаларына демеу беріп отырды.
Турнир қорытындысы бойынша «Жаңақорған» командасы 3-орыннан  көрінсе, «Қызылорда» командасы 2-орынға лайық деп танылды. Қарсыластарынан озық шыққан «Ақмешіт» командасы жүлделі орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды.

А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

ДОДА 15 тамыз 2017 г. 675 0