ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІФутболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-турында жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Қос команда арасындағы тартысты бәсекені жанкүйерлермен бірге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та тамашалады.
Ойынның алғашқы тайымында алаң иелері басымдық танытып, қонақтар қақпасына жойқын шабуылдар ұйымдастыра білді. Нәтиже де жаман болған жоқ. Сырт алаңда сақтық танытпаған ақтөбеліктер қақпасына 16 минутта Владимир Аржанов соққан гол «Қайсарды» алға шығарды. Жергілікті команда мұнан кейін де қонақтардан айласын асырудың амалын жасады. Осылайша 41-минутта Владимир Аржанов әріптесі асырған допты «Ақтөбе» қақпасында тулатып, дубль авторы атанды.
Алғашқы тайм алаң иелерінің пайдасына шешілгенімен, екінші кезеңде қонақтар «Қайсар» қақпасына шабуылды үдетті. Небәрі 5 минуттың ішінде Витор Жуниор Исламқұловтан айласын асырды. Ал, 56 минутта қонақтар сапынан Игорь Зенькович «Қайсар» қақпасына тағы бір гол салып, есепті теңестірді. Қосымша уақытта бас төреші Денис Тевяшов ойыншылар арасындағы кикілжіңге байланысты 11 метрлік айып добын белгіледі. Оны сәтті орындаған команда капитаны Мақсат Байжанов 94-минутта жеңіс голын соқты. Осылайша турнирлік кестеде жетінші орында тұрған жергілікті команда бір саты алға шықты.
 
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
ДОДА 11 мамыр 2017 г. 692 0