Аралда Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған бокстан республикалық турнир басталды

Аралда Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған бокстан республикалық турнир басталдыОрталық стадионда Арал ауданы əкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Бокстан 1999-2000 жылдары туылған жастар жəне 2001-2002, 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Арал ауданының белгілі азаматы, меценат, облыстық маслихаттың депутаты Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған республикалық турнир өз жалауын көтерді.
Аталмыш турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев ауданымызға белгілі азамат Т.Жұмашевтың өмір жолына және көзі тірі кезінде атқарған игі істеріне тоқталды. Сонымен қатар, көршілес Қырғызстан Реаспубликасынан және еліміздің өзге облыстарынан келген турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Дәрежесі жылдан жылға өсіп, биылғы IV мəрте өткізіліп отырған жарысқа Қырғызстан Республикасы жəне еліміздің Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан барлығы 17 команда құрамында 137 жасөспірім қатысуға ниет білдірді. Спортшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Нəтижесі 30-сəуір күні белгілі болады. Жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілейміз.
Аралда Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған бокстан республикалық турнир басталды
ДОДА 28 сәуір 2017 г. 849 0