ТҮРКИЯ КОМАНДАСЫНА БАСЫМДЫҚ КӨРСЕТТІ

ТҮРКИЯ КОМАНДАСЫНА БАСЫМДЫҚ КӨРСЕТТІҚызылорданың «Қайсары» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесуінде аталмыш мемлекеттің Стамбул қаласының намысын қорғап жүрген «Қарагюмрюк» командасымен шеберлік байқасты. 
Бұл клуб футболдан Түркия біріншілігінің екінші лигасында сынға түсіп келеді. Олар 38 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 18-орында тұр. Аталған кездесуде «Қайсардың» бас бапкері Дмитрий Огай көптеген футболшыларды сынақтан өткізді. Ол кездесудің алғашқы кезеңінде мына ойыншыларды алаңға шығарды: Тілеуов, Дәуітов, Седельников, Сағындықов, Розыбакиев, Махамбетов, Марушко, Чулум, Землянухин, Фатхуллаев, Пурович. Бірінші кезеңде «Қайсардың» сапынан Антон Землянухин, Фатхулла Фатхуллаев, Абылайхан Махамбетовтың қанжығасы майланды. Үзілістен кейін «Қайсар» құрамында түгелдей жаңа ойыншылар жасыл алаңға шықты. Олардың қатарында Плотников, Алтаев, Карамушко, Керімжанов, Көшеков, Кришко, Гурбания, Байер, А.Мальцев, Байжанов, Струков бар. Екінші кезеңде де жерлестеріміз допқа көбірек иелік етті. Бұл жолы Юрай Кришко мен Сергей Струков мергендік танытты. 
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқу-жаттығу жиыны барысында енді бүгін, 11 қаңтарда Ресейдің Саранск қаласының «Мордовия» клубымен жасыл алаң төрінде шеберлік байқасады. Ал жерлестеріміз 14 қаңтарда Бразилияның «Моги Мирим», 18 қаңтарда Ресейдің Нижний Новгород қаласының «Волгасымен» ойнайды. Екінші оқу-жаттығу жиыны 19 қаңтарға дейін созылады.
Әділ ТАЛАП.

ДОДА 11 қаңтар 2014 г. 1 123 0