Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшыларымыз анықталды

Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшыларымыз анықталдыБокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігіне апаратын боксшыларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас бапкер Азия біріншілігінде 49 келіде Ержан Жомартқа, 52 келіде Азамат Исақұловқа, 56 келіде Қайрат Ералиевке, 60 келіде Әділет Құрметовке, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимовқа, 69 келіде Абылайхан Жүсіповке, 75 келіде Әбілхан Аманқұлға, 81 келіде Ерік Әлжановқа, 91 келіде Василий Левитке, ал аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңкабаевқа сенім артты.
Қазір Қазақстан боксшылары Үндістан боксшыларымен бірге Астанада бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бұл боксшылардың «сарықұрлық» додасына соңғы дайындығы болмақ.
Еске салайық, Азия біріншілігі 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді. Онда Германияда өтетін әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынады.
ДОДА 20 сәуір 2017 г. 729 0