18 күнде 3 мыңнан астам науқас есепке алынды

Елімізде COVID-19 инфекциясымен алғашқы науқас 13 наурызда тіркеліп 20 сәуірге дейін, яғни бір жарым айда 2000 науқас анықталды. Алайда соңғы 18 күнде, яғни 22 сәуір мен 10 мамыр аралығында 3 мыңнан аса науқас есепке алынып, республика бойынша 5000-нан асып кетті. Ендеше, көзге көрінбес індеттен сақтану шараларын жалғастыра беруіміз керек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

"Елімізде төтенше жағдай тоқтады. Ол жөнінде Мемлекет басшысы мәлімдеді. Енді төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылды. Осыған орай, ағымдағы жылдың 11 мамырында сағат 00.00-ден өңірімізде облыстық бас мемлекттік санитариялық дәрігердің №12 қаулысы күшіне енді. Бұл қаулының ерекшелігі, еліміздегі төтенше жағдайдың 11 мамырда аяқталатынына сәйкес дайындалды",- деді Наурызбай Сейтқалиұлы.


Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Денсаулық 11 мамыр 2020 г. 371 0